Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі кезең-кезеңімен енгізіледі

Накопление, накопления, сбережение, сбережения, деньги, финансы, тенге, инвестирование, инвестиции, капитал, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 11:32 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі қашан енгізіле бастайтынын және оның алдымен кімдерге қатысты қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, мұқтаждық қағидатын 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кезең-кезеңімен енгізу тетіктерін жетілдіру жұмыстары биыл қарашада аяқталады.

"2026 жылғы желтоқсанда Отбасының цифрлық картасын екінші деңгейлі банктердің жүйелерімен біріктіру қамтамасыз етіледі. Реформаның мақсаттары мен оны енгізу тәртібі туралы халық арасында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұқтаждық қағидатын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай тәртіппен іске асыру ұсынылады: табыс деңгейі жоғары азаматтар бойынша – қаңтар-ақпан айларында, ауқатты азаматтар бойынша – ақпан-сәуір айларында", – деді Асқарбек Ертаев.

Ол әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібі алдымен пилоттық режимде сыналатынын мәлімдеді. Оның қорытындысы бойынша өзгерістердің тиімділігі бағаланып, оларды одан әрі енгізу туралы шешім қабылданады.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек көрсету жүйесін қайта қарау жұмыстары туралы хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: