Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда алдағы жұма, 2026 жылғы 30 қазанда, жауын-шашын мол түсіп, -9 градусқа дейін аяз, көктайғақ және тұман болады. Қолайсыз ауа райы туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның бес өңірінде -1…-9 градусқа дейін аяз болады:

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде қар жауады. Шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады. Елдің қалған бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді", — делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар өңірінде өрт шығу қаупі бар.

Өрт қаупі жоғары: Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарында;

Төтенше өрт қаупі жоғары: Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында, Қарағанды облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында, Ұлытау облысының батысы мен орталығында, Жетісу облысының шығысында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанның бес өңірінде қар жауып, жолдар тайғақ болады