Тоқаев пен түркі елдерінің басшыларына сақ аңшысы мен көне ескерткіштер көрсетілді

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық "Бештепе" саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған алаңда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің ұлттық павильондары орналасқан.

Сурет: akorda.kz

Экспозицияларда бауырлас халықтардың ынтымақ-бірлігі мен сан алуан мәдениеті, бай рухани дәстүрі көрініс тапқан.

Сурет: akorda.kz

Қазақ киіз үйі Ұлы дала рухы мен түркі дүниесінің ортақ тарихи тамырын бейнелейді. Президенттерге киіз үйдің безендірілуіне арқау болған ежелгі түркі өркениеті, соның ішінде сақтар мұрасы, халқымыздың табиғатпен үйлесімді өмір салты және заманауи Қазақстанның келбеті жайында мәлімет берілді.

Мемлекеттер басшыларының назарына қазақ халқының дәстүрлі саятшылық өнерін паш ететін "Сақ аңшысы" мүсіндік композициясы ұсынылды.

Сондай-ақ мәртебелі меймандарға көне түркі жазба мәдениетінен мол мағлұмат беретін Орхон ескерткіштері көрсетілді.

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ға мүше елдер басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясына ағаш егу рәсіміне қатысты.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

29 қазандағы Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Синоптиктер болжамды өзгертті: Алматыда жаңбыр мен үсік болмайды

Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отыр

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді