"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК алдағы сенбі, 2026 жылғы 31 қазанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды. Оған сәйкес, еліміздің кей өңірлерінде қалың қар, ал кейбірінде жаңбыр жауатыны, сынап бағаны нөлден төмен түсетіні болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, республикамыздың төрт өңірінде сынап бағаны нөлден төмендеп (-1...-8°С), үсік жүред деп күтіледі:

"Қазақстанның солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде атмосферлық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар жауады деп күтіледі. Еліміздің қалған аумағында антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа тұманның түсуі, желдің екпін алуы жатқызылады, ал түнде солтүстік-шығыста, шығыста көктайғақ болады", - дейді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, болжамға сәйкес, Қазақстанның бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады:

Бұған дейін синоптиктер еліміздің ірі үш қаласы бойынша 30 қазан-2 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр

Тоқаев пен түркі елдерінің басшыларына сақ аңшысы мен көне ескерткіштер көрсетілді