Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Фото: unsplash
Қазақстанда 2010-2020 жылдары құрылысы басталып, аяқталмай қалған 10 су нысанының құрылысы қайта жанданды. Бұл туралы 2026 жылғы 1 қарашада ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы министрліктің Су шаруашылығы комитеті гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша аяқталмаған жобаларды іске асыруды аяқтау алгоритмін әзірлеген.

Аталған алгоритм аясында 2010-2020 жылдары басталған, бірақ аяқталмаған 10 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары қайта жалғасуы тиіс.

Олардың қатарында:

Қазіргі уақытта Сүмбе өзеніндегі су алу құрылысында және Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналында құрылыс-монтаж жұмыстары қайта басталды.

Түркістан облысындағы К-26 және К-28 каналдары бойынша конкурстық рәсімдер басталған. Тағы төрт жоба "Мемсараптама" РМК қарауында. Қалған екі жобаға түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбек Серіковтің айтуынша, министрлік құрылғаннан бері аяқталмаған су шаруашылығы нысандарының саны екі есеге жуық азайған.

"Егер 2020-2022 жылдары Су шаруашылығы комитетінің балансында осындай 19 жоба болса, бүгінде олардың саны 10-ға дейін қысқарды. Қалған жобаларды алдағы екі жыл ішінде аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр", – деді ол.

Еске салайық, 2026 жылғы 29 қазанда Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанның су саласына шамамен 1 трлн теңге инвестиция салынғанын айтқан болатын.

Қазақстан
Қызылорда
Алматы облысы
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Астана көгінде әскери ұшақтар жаттығу жүргізетін болады

Польшада мемлекеттік төңкеріс бола жаздады