Болжамға сәйкес, антициклонның әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек Қазақстанның батысында 4-5 қарашада солтүстік-батыс циклонының жақындауына байланысты жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 3 қарашада атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (негізінен қар түрінде), сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі".
Синоптиктердің мәліметінше, батыста күндіз ауа температурасы +13...+21 градустан +6...+19 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста +13...+18 градустан +10...+15 градусқа дейін төмендейді.
"Елдің қалған аумағында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылғы қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Оған сәйкес, айдағы ауа райы әдеттегіден жылы болғанымен, аяз -18 градусқа дейін жетіп, қалың қар жаууы мүмкін.