Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 2 қарашада хабарлағандай, Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері Наурызбай ауданында тұратын 43 жастағы ер адамды анықтаған.
Оның үйінде жүргізілген тінту кезінде 13 түп сора өсімдігі мен кептірілген өсімдік тектес зат салынған қорап табылды.
"Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 10 келіні құрады. Сонымен қатар полицейлер ақшалай қаражатты да тәркіледі", – деп хабарлады Полиция департаменті.
Жедел түсірілім кадрларына қарағанда, тәркіленген ақша көлемі кемінде 500 мың теңге болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсірудің мән-жайы қылмыстық іс аясында анықталып жатыр.