Астанада екі әйел пәтер алып береміз деп тұрғындарды алдаған

Сурет: polisia.kz
Астанада тұрғындарға ипотека рәсімдеп, мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алып беруге уәде еткен екі әйел ұсталды. Олар азаматтардың ақшасын иемденді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 33 жастағы елорда тұрғыны таныстарына ипотеканы рәсімдеуге көмектесетінін айтқан. Оның сөзіне сенген азаматтар ақшаларын берген. Алайда әйел кейіннен байланысқа шықпай қойған. Келтірілген шығын көлемі 3,2 миллион теңгені құрады.

Екінші жағдайда 62 жастағы әйел мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беруге уәде етіп, азаматтардың ақшасын иемденген. Бұл дерек бойынша шығын көлемі шамамен 3 миллион теңге болған.

Аталған екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция азаматтарды ипотеканы жылдам рәсімдеп немесе баспана алып беруге уәде ететін адамдарға сене бермеуге шақырды. Ақша бермес бұрын ұсыныстың шынайылығын тексеріп, күмәнді делдалдардың қызметіне жүгінбеу қажет.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді