Мәліметке сәйкес, сейсенбі күні Қазақстанның екі өңірінде жаңбыр аралас қар және қар жауады деп күтіледі:
- Шығыс Қазақстан облысында;
- Абай облысында.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жолдың тайғақ болуы мүмкін екені хабарланды.
"Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жолдың жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және күрт маневр жасаудан аулақ болуды ұсынамыз", – деп ескертті ұлттық компания өкілдері.
Сонымен қатар қазақстандықтарға республикалық маңызы бар автожолдардың жағдайы туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болатыны еске салынды.