Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Фото: Zakon.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 3 қарашада Үкімет отырысында Қазақстанда жақын уақытта жүзеге асырылатын ірі жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жобалар Мемлекет басшысының "Қазақстан жаңа тарихи кезеңде: өзекті міндеттер" атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына енгізілген.

"Инфрақұрылымды жаңғырту бағыты аясында "Халықтық құрылыс" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бекітіледі. Сонымен қатар 2027 жыл жаппай жалпыхалықтық құрылыс жылы болып жарияланады. Негізгі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді. Қалалық ортаны жүйелі түрде жаңарту үшін ірі қалалардың ұзақ мерзімді даму перспективаларын ескере отырып, қала құрылысы құжаттары (урбанистика) әзірленіп, олардың цифрлық егіздері жасалады", – деді Серік Жұманғарин.

Жалпыұлттық жоспар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғын үй құрылысын жалғастыру, елді мекендерді ауызсумен және газбен қамтамасыз ету де көзделген.

Сондай-ақ көлік-логистика әлеуетін дамыту, атап айтқанда, елдің инфрақұрылымын кеңейту жоспарланып отыр.

"2027 жылдың мамыр айында Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі қалаларындағы жаңа әуежайларды пайдалануға беру жоспарланған. Ал 2027 жылдың маусымында Астанада ірі халықаралық компанияны тарта отырып, жаңа әуежайдың құрылысы басталады. Сонымен қатар 2027 жылдың соңына дейін Бақты – Аягөз теміржол желісін пайдалануға беру көзделген. Бұл Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болады", – деп толықтырды Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.

Бұдан бөлек, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын, соның ішінде Арал – Каспий және Көкшетау – Петропавл бағыттарындағы тасжолдарды салу және реконструкциялау жұмыстары жалғасады.

Соңғы кезеңде барлық автомобиль өткізу бекеттерін толық реконструкциялау, сондай-ақ зияткерлік көлік жүйесін енгізу арқылы жүк тасымалын электрондық құжат айналымына көшіру жоспарланған.

Еске салайық, 2026 жылғы 29 қазанда Премьер-министр Олжас Бектенов логистика саласына қатысты бірқатар тапсырма берді. Ол Мемлекет басшысының Жолдауында Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық торабына айналдыру міндеті қойылғанын еске салды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

"Кездесуге" кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті

Тоқаевқа Қарағанды облысының даму жоспары таныстырылды