Таразда 17 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдіктілер ұсталды

Сурет: polisia.kz
Полицияның "102" нөміріне Тараз қаласының тұрғыны қоңырау шалып, пәтерінен 30-дан астам алтын бұйымын, гаухар тастарын және 830 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатын ұрлап кеткені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілер пәтерге үйде ешкім жоқ кезде келіп, есіктің құлпын бұзу арқылы кірген.

Қолды болған ақшаның арасында қырғыз сомы, еуро, қытай юані болған.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 17 миллион теңгеден асқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі ер адамды анықтады. Ұсталғанның бірі Түркістан облысының тұрғыны.

Тінту кезінде күдіктілердің әрқайсысынан айғақ заттар табылған. Олар кейбір бұйымдарды сатып үлгерген.

Қазіргі уақытта аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды