Алматы мен Шымкентте ауа температурасы +23 градусқа дейін көтеріледі: 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Фото: пресс-служба акимата Алматы
2026 жылғы қарашаның алғашқы күндері ауа райының құбылуымен ерекшеленеді. Алматыда ауа температурасы +20 градусқа дейін көтерілсе, Шымкентте нағыз жаздағыдай +23 градусқа жетеді. Ал Астанада күн жылы болғанымен, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 5, 6 және 7 қараша күндері еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Астана

5 қараша: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпіні секундына 14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -4...-6, күндіз +7...+9 градус болады.

6 қараша: құбылмалы бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде +2, күндіз +9...+11 градус.

7 қараша: құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Жел екпіні секундына 14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3, күндіз +7...+9 градус болады.

Алматы

5 қараша: құбылмалы бұлтты, күндіз мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Жел екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6, күндіз +11...+13 градус болады.

6 қараша: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1...+3, күндіз +16...+18 градус.

7 қараша: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел әлсіз болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +18...+20 градус болады.

Шымкент

5 қараша: құбылмалы бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болады. Ауа температурасы түнде +6...+8, күндіз +16...+18 градус.

6 қараша: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 10 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +21...+23 градус болады.

7 қараша: құбылмалы бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Түнде және таңертең жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +19...+21 градус болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ондай жан енді қайталанбайды": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешеваға тағы да ерекше ықыласын білдірді

Айдос Сарым Президент Жолдауын тарихи міндеттерді айқындайтын құжат деп таныды

Қазақстанда күн райы күрт бұзылады: 5-7 қарашада қалың қар жауып, күн суытады

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды