Мамандардың мәліметінше, 2026 жылғы 6 қараша, жұма күні Қазақстанның төрт қаласында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Атап айтқанда:
- Алматыда;
- Талдықорғанда.
Ал түнде:
- Павлодарда;
- Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, баяу жел, тұман, инверсия) үйлесуі.
Айта кетейік, 2026 жылғы 5 қарашада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Алматы және еліміздің тағы алты қаласында болжанған болатын.