Қазақстандағы ең көп көлік жүретін ақылы жолдардың рейтингі жасалды: көш басында қай бағыт тұр

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар 28 ақылы автожол учаскесінің рейтингі жарияланды. Бірінші орынға Алматы-Қонаев бағыты шықты. Бұл жолмен 10,8 миллионнан астам көлік өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, 2026 жылдың 10 айында елдегі ақылы автомобиль жолдарында барлығы 68,3 миллион көлік өткені тіркелген. Жалпы көрсеткіштің жартысына жуығы, яғни 33,5 миллион немесе 49,1 пайызы ең сұранысқа ие бес бағытқа тиесілі.

Рейтингте бірінші орынды Алматы-Қонаев автожолы иеленді. Бұл бағытта 10 834 980 көлік өткені тіркелген.

Екінші орында Шымкент-Өзбекстан шекарасы бағыты тұр. Мұнда 8 033 519 көлік жүрген.

Үздік үштікті 5 652 809 көлік өткен Шымкент-Тараз бағыты түйіндеді.

Ең көп көлік жүретін ақылы жолдардың бестігіне Тараз-Қайнар (4 964 599) және Шымкент-Қызылорда (4 061 676) бағыттары да енді.

Орталық және солтүстік өңірлердегі ақылы жолдарда да жоғары көрсеткіш тіркелген.

Атап айтқанда, Астана-Теміртау учаскесінде шамамен 3,7 миллион, Астана-Щучинск бағытында 3,4 миллион, Қонаев-Талдықорған жолында 3,2 миллион көлік өткені тіркелді.

Ең сұранысқа ие 10 ақылы жол учаскесіне қаңтар-қазан айларында жалпы 48,8 миллион көлік тиесілі. Бұл барлық көлік ағынының 71,5 пайызы.

Ақылы жолдардың толық рейтингі

  1. Алматы – Қонаев – 10 834 980.
  2. Шымкент – Өзбекстан шекарасы – 8 033 519.
  3. Шымкент – Тараз – 5 652 809.
  4. Тараз – Қайнар – 4 964 599.
  5. Шымкент – Қызылорда – 4 061 676.
  6. Астана – Теміртау – 3 698 981.
  7. Астана – Щучинск – 3 407 291.
  8. Қонаев – Талдықорған – 3 193 009.
  9. Тараз айналма жолы (Қайнар – Шымкент) – 2 526 954.
  10. Щучинск – Көкшетау – 2 446 971.
  11. Қостанай – Денисовка – 2 307 727.
  12. Алматы – Қорғас – 2 262 135.
  13. Астана – Павлодар – 2 177 036.
  14. Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – 1 749 169.
  15. Қызылорда – Арал – 1 518 380.
  16. Көкшетау – Петропавл – 1 517 210.
  17. Павлодар – Семей – Қалбатау – 1 135 232.
  18. Ақтөбе – Ресей шекарасы (Орынбор) – 1 133 840.
  19. Шу – Бурылбайтал – 945 933.
  20. Қостанай – Ресей шекарасы (Троицк) – 789 421.
  21. Қандыағаш – Мақат – 784 775.
  22. Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы) – 751 516.
  23. Орал – Ресей шекарасы (Самара) – 573 394.
  24. Талдықорған – Өскемен – 500 670.
  25. Орал – Ресей шекарасы (Саратов) – 487 254.
  26. Үшарал – Достық – 472 465.
  27. Бурылбайтал – Құрты – 264 253.
  28. Бейнеу – Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) – 130 616.

"Статистика бірегей көлік құралдарының санын емес, тіркелген жүріп өту жағдайларының санын есепке алады. Бір автомобиль бір немесе бірнеше ақылы жол учаскесімен бірнеше рет жүруі мүмкін", – делінген қосымша ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін, 4 қарашада Қазақстанда ақылы жолдармен жүру тарифтері көтерілуі мүмкін екені белгілі болған еді. Бұл өзгеріс кімдерге қатысты болатынын мына жерден білуге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығы: Шымкентте "Ордабасы" командасының чемпиондығына орай салтанатты жиын өтті

Тоқаев Польша Президентіне көңіл айтты

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Қазақстанның төрт өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, қарлы боран соғады: 9 қарашаға арналған жол болжамы