Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған ауа райы болжамында айтылған.
"Солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның барлық дерлік аумағына жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Елдің оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын мол түседі. Тек қиыр батыста антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік пен орталықта көктайғақ болады", – делінген болжамда.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады.
Өрт қаупі жоғары: Атырау облысының батысында, Алматы облысының батысында, оңтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында, Абай облысының оңтүстігінде;
Төтенше өрт қаупі: Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында.