Тоқаев: Орфографиялық сөздікті жаңартатын уақыт келді

Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліндегі емле мен ережелерді жүйелеп, орфографиялық сөздікті жаңарту қажет екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысы бұл жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, ғылым дамыса, қазақ тілі де ғылым мен өндірістің тіліне айналуы керек. Ол үшін отандық ғалымдардың әлеуетін арттырып, жоғары оқу орындары қазақ тіліндегі ғылыми-зерттеу еңбектеріне басымдық беруі қажет.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тіліндегі бірізділік мәселесіне назар аударды. Оның сөзінше, қазір кейбір сөздер, ұғымдар мен түсініктер әртүрлі қолданылып жүр. Бұл жағдай қоғамды шатастырып, тіл тазалығына кері әсерін тигізеді.

"Сондықтан қазақ тілін қолдану ісінде нақты жүйенің, белгілі бір тәртіптің болуына баса мән берген жөн", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, ең алдымен емле мен ережелерді реттеп, барлық сөздікті, соның ішінде орфографиялық сөздікті жаңарту қажет.

"Сондықтан біз де қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізін зерделеп, жедел түрде ретке келтіруіміз керек. Осы жұмысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау қажет", – деп түйіндеді Президент.

Ол Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі ресми түрде 1983 жылы бекітілгенін еске салды. Кейін бірнеше сөздік жарық көргенімен, олардың ешқайсысы мемлекеттік деңгейде бекітілмеген және заңды күші жоқ.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады