Мемлекет басшысы "Дала орманы" жобасын қолдады

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 12:46 Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерді "Қазақ тілі" қоғамының "Дала орманы" жобасын жүзеге асыруға атсалысуға шақырды. Мемлекет басшысы бастама еліміздегі орман алқабын ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, "Қазақ тілі" қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлы оған "Дала орманы" жобасын таныстырған.

Жоба аясында ұйым серіктестерімен бірге бір жылдың ішінде 400 гектар жерге 5 миллион тал еккен. Нәтижесінде еліміздің үш облысында төрт ірі орман питомнигі құрылған.

Енді бастаманың ауқымын кеңейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, әр ауылдың маңынан 25 гектар, аудан орталықтарының жанынан 50 гектар, ал ірі қалалардың маңынан 100 гектар аумақта көшет өсіретін саябақтар ашу көзделген.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдайтынын айтып, Үкімет пен әкімдіктерді жобаға белсенді қатысуға шақырды.

"Қазақтың даласы орманға айналмайды деп кім айтты?! Орманды өсіру де, даланы жайнату да біздің қолымыздан келеді. Сондықтан "Дала орманы" жобасын сапалы жүзеге асыру өте маңызды. Бәріміз қолдайық", – деді Президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, жобаны жүзеге асыру Қазақстандағы орман алқабын 14,5 миллион гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл "Қазақ тілі" қоғамының "Таза Қазақстан" бастамасына қосқан нақты үлесі болмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: