ЕАЭО-ның кедендік шекарасында қолма-қол ақшаны ұстап қалу тәртібі нақтыланды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қаржы министрі 2026 жылғы 5 қарашадағы бұйрығымен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша мен ақша құралдарын ұстап қалу (тоқтата тұру) қағидаларына өзгерістер енгізді.

Негізгі өзгеріс – енді ұлттық қауіпсіздік органдары да ақпарат алмасуға қатысады.

Бұған дейін мемлекеттік кірістер органдары құқық қорғау органдары мен қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган ұсынған мәліметтер негізінде шара қабылдайтын. Енді шекарадан өткізілетін қаражаттың қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қатысы болуы мүмкін екені туралы ұлттық қауіпсіздік органдарынан түскен ақпарат та ескеріледі.

Қағидаларға сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары аталған органдармен бірлесіп, осы әрекеттерге қарсы шара қолданады. Ұсынылған ақпарат негізінде ЕАЭО-ның кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша немесе ақша құралдары ұстап қалынуы мүмкін.

Ұстап қалынған қаражат сұрау салу негізінде, оның сақталуына жауапты адамның қатысуымен беріледі. Қаражатты беру туралы акт екі данада жасалады.

Бұйрық 2026 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды