Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ пен тұман болады

Фото: Zakon.kz
11 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт шығу қаупі жоғары. Іле Алатауының тауларында, Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматы мен Қонаевта өрт шығу қаупі жоғары.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстік-шығысы мен орталығында тұман түседі.

Ақтөбе облысында күндіз батысы мен солтүстігінде аздап жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Ақтөбеде де күндіз аздап жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында түнде шығысы мен оңтүстігінде, күндіз батысы, шығысы және орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.

Ұлытау облысында солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз оңтүстігінде жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Жезқазғанда жаңбыр мен қар жауып, түнде және таңертең тұман болады.

Атырау облысында түнде және таңертең батысы, оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Ақмола облысында түнде және таңертең батысы, оңтүстігі мен шығысында тұман болады.

Павлодар облысында батысы, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Павлодарда да тұман болады.

Түркістан облысында батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Шымкент пен Түркістанда кей уақытта тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысында оңтүстігі, шығысы мен орталығында өрт шығу қаупі жоғары. Талдықорғанда жаңбыр мен қар жауып, күндіз ауа температурасы күрт төмендеп, +6...+8 градус болады. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысында солтүстігі, шығысы мен орталығында жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Өрт шығу қаупі жоғары. Қызылордада да жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі мен таулы аудандарында жауын-шашын қатты түседі. Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашын қатты түседі. Солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында тұман болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысында солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары. Таразда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт шығу қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қостанай облысында түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда да оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент