Ақмола облысында мас күйде көлік жүргізген азамат 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Фото: pexels
Ақмола облысында ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі жолға шығар алдында сыра ішкенін полицейлерге мойындады. Медициналық сараптама оның мас болғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 10 қарашада облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, оқиға 7 қарашада сағат 23:00 шамасында Көкшетау – Красный Яр автожолында болған.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдік тудырған ВАЗ-21150 автокөлігін тоқтатқан.

"Тексеру барысында жүргізуші көлікке отырмас бұрын сыра ішкенін мойындады. Сонымен қатар автокөліктің салоны мен жүксалғышынан көп мөлшерде бос сыра құтылары табылды", – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Медициналық сараптама жүргізушінің мас күйде болғанын растады.

Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Бұған дейін Петропавлда патрульдік полиция қызметкерлері түнгі рейд кезінде 34 жастағы мас жүргізушіні ұстаған болатын. Тексеру барысында оның жүргізуші куәлігі де жоқ екені анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Тоқаев Түркиядағы металлургия зауытындағы жарылысқа байланысты Ердоғанға көңіл айтты

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды

Конго Демократиялық Республикасында 66 әскери қызметкер өлім жазасына кесілді