Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болады деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түсетіні, көктайғақ болатыны да болжанады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 12 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қар жауады деп болжанады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте және Түркістанда 12 қарашада кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, сондай-ақ өңірдің аталған елдімекендерінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні де болжанады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғанда 12 қарашада түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсетіні де болжанады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні де болжанады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігіндегі екпіні 15 м/с құрайды. Қарағандыда 12 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 12 қарашада түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Оралда 12 қарашада түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады. Күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Атырауда 12 қарашада күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с қамтиды.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 12 қарашада оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Ақтөбеде 12 қарашада аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Павлодарда 12 қарашада тұман түсетіні болжанады.
Ақмола облысында көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 12, 13 және 14 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.