Жетісу ауданындағы бұрын қараусыз қалған аумақтың бірі жаңа қоғамдық кеңістікке айналды.
Ауқымды көркейту жұмыстары аясында өзен жағалауы бекітіліп, жүргіншілер жолдары салынды. Сондай-ақ 5,6 мың шаршы метрден астам жерге брусчатка төселді.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Жағалауға 500-ден астам ағаш, мыңнан астам бұта мен сәндік өсімдік егілді. Жасыл желектерді күтіп-баптау үшін автоматты суару жүйесі орнатылды.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Демалыс орындарын көбейтуге де басымдық берілді. Мұнда футбол және волейбол алаңдары, скейт-парк, ниндзя-парк, воркаут аймағы мен балаларға арналған екі ойын кешені ашылды. Сонымен қатар шолу алаңы, перголалар және көбелек пен бұғы бейнесіндегі ерекше фотоаймақтар жасалды.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұрын бұта басып, бос жатқан аумақ енді серуендеуге, спортпен шұғылдануға және отбасымен демалуға арналған заманауи жағалауға айналып келеді.