Павлодар облысында Қызыл кітапқа енген дала қыраны қанаты сынған күйде табылды

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында Қызыл кітапқа енген дала қыраны қанаты сынған күйде табылды. Жаралы құсты Майқайың кентінің маңынан Екібастұз тұрғындары байқап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ирбис ТВ" телеарнасының сайты жазғандай, Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне далада жаралы құс жатқаны туралы хабар 2026 жылғы 15 қарашада түскен.

Оқиға орнына барған мамандар ақпаратты растап, жараланған құстың Қызыл кітапқа енген дала қыраны екенін анықтаған.

"Дала қыраны Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Павлодар орманшылығының қызметкерлері оқиға орнына барып, құсты алып кетті. Ветеринарлар тексергеннен кейін оны уақытша Павлодарское ауылына орналастырамыз", – деді Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.

Бұған дейін Алматы облысында бүркіт фототұзаққа жақындап, оны үңіле қараған сәті қызықты видеоға түсіп қалған еді.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады

15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін