Таразда 102 нөміріне хабарласып, полиция қызметкерін балағаттаған ер адам жазаланды

Фото: Zakon.kz
Тараз қаласының тұрғыны полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласып, желінің ар жағындағы қызметкерді балағаттаған,

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам кезекші бөлімге хабарласқан. Алайда ол мәселені сабырмен түсіндірудің орнына агрессия танытып, Жедел басқару орталығының инспекторына тіл тигізген.

"Полиция қызметкері бірнеше рет тәртіп сақтап, әдепті сөйлеу қажеттігін ескерткеніне қарамастан, азамат дөрекі сөйлесуін тоқтатпаған. Ол инспекторды балағаттап, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген", – деп хабарлады полиция департаменті.

Билік өкілін қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын 40 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасына кесілді.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК-нің жаңа төрағасы тағайындалды

Жезқазғанда ойын-сауық орталығының әкімшісі отшашу атқаны үшін жазаланды

АҚШ-та екі ұшақ соқтығысып, жолаушыларға медициналық көмек қажет болды

Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салынды

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды