Қазақстанда 900 мың тоннадан астам тыңайтқыш өндірілді

Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2026 жылғы 17 қарашада үкімет отырысында елімізде тыңайтқыш өндірісінің артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, шаруалардың тыңайтқышқа деген қажеттілігі мен сұранысының артуы отандық өндірістің дамуына және өнім көлемінің ұлғаюына ықпал етіп отыр.

"2026 жылдың 10 айында 936 мың тонна тыңайтқыш өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға көп. 2025 жылдың 10 айында 896,4 мың тонна өндірілген еді", – деді Сапаров.

Сондай-ақ ол машина-трактор паркін жаңғырту аясында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын арттыру жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.

"Биылғы 10 айда ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жаңару деңгейі 7,5%-ға жетті. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Техниканың тозу деңгейі 2023 жылы 90%, 2025 жылы 70% болса, биыл 63%-ға дейін төмендеді. Жыл соңына дейін оны 60%-ға түсіру көзделген", – деп қосты министр.

Бұған дейін Қазақстанда азық-түлік өндірісінің артқанын жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды