Оның айтуынша, мұндай жағдай ұсынылатын өнім түріне қарамастан, ара-тұра туындап отырады.
"Өнімге сұраныс жоғары болса, біз мүмкіндігімізге қарай оның талаптары мен тетіктерін қайта қарастырамыз. Қосымша қаржы бөлінген жағдайда қаржыландыру көлемін арттырып, сұраныстың күрт өсуіне байланысты туындаған мәселені шешу жолдарын пысықтауға дайынбыз. Бюджет пен нарықтың мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша тетіктерді қарастырып жатырмыз", – деді Сапарбеков.
Ал Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ипотеканың бастапқы жарнасын төмендету бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Қазір бастапқы жарнаны азайтуға мүмкіндік беретін тетіктерді пысықтап жатырмыз. Отбасы банкпен бірлесіп қаржылық моделін әзірлеудеміз. Жаңа тетіктерді шамамен 2027 жылы жариялауды жоспарлап отырмыз", – деді ол.
"Ұмай" әйелдер ипотекасының талаптары қатаңдатылуы мүмкін бе? Бұл туралы материалдан оқи аласыздар.