Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтардың жұмысы қайта ұйымдастырылмақ

Фото: freepik
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 17 қарашада үкімет отырысында арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) жұмысында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің мәліметінше, арнайы экономикалық аймақтар қызметінің жаңа моделі әзірленіп, заңнамаға қажетті түзетулер қабылданған.

"Реформаны кешенді түрде іске асыру үшін алдағы уақытта нормативтік актілерді, соның ішінде Салық кодексі аясындағы құжаттарды пысықтау жұмыстары жалғасады", – деді министр.

Оның айтуынша, реформа үш негізгі бағытты қамтиды. Олар – аумақтарды сапалы жоспарлау, басқару тиімділігін арттыру және инвестициялық жобаларды мұқият іріктеу.

"Арнайы экономикалық аймақтарды құру кезінде стратегиялық және салалық басымдықтар, жер ресурстарының болуы және инфрақұрылымның әлеуеті ескеріледі. Басқару тиімділігін арттыру үшін инвесторларды іздеуге, жобаларды сүйемелдеуге және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жеке басқарушы компанияларды тарту көзделген. Инвестициялық жобалар мұқият іріктеледі. Өніміне тұрақты сұраныс бар, экспорттық әлеуеті жоғары және өндірістік кооперацияны дамытуға мүмкіндігі бар кәсіпорындарға басымдық беріледі", – деп түйіндеді министр.

Бұған дейін Ерсайын Нағаспаев отандық өндірісті дамыту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтқан еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды