Астана тұрғындарына ыстық су үшін артық төлемеудің жолы түсіндірілді

Фото: pexels
Астана тұрғындарына ыстық су үшін артық төлемеу үшін есептегіш көрсеткіштерін қашан және қалай жіберу керектігі түсіндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана-Теплотранзит" АҚ баспасөз қызметінің ескертуінше, көрсеткіштерді ай сайын 14-інен бастап айдың соңына дейін беру қажет.

"Жеке есепке алу құралдарының көрсеткіштері тұтынылған ыстық судың көлемін анықтау және ақысын дұрыс есептеу үшін пайдаланылады. Сондықтан тұрғындарға мәліметтерді белгіленген мерзімде жіберуге кеңес береміз", – деп хабарлады компания.

Қандай сандарды көрсету керек

Механикалық есептегішті пайдаланған жағдайда қызыл өріске дейінгі қара түсті сандарды ғана көрсету қажет. Қызыл сандарды жіберудің қажеті жоқ.

Электрондық есептегіш орнатылған болса, тек бүтін текше метрді, яғни үтірге дейінгі сандарды көрсету керек. Үтірден кейінгі бөлшек бөлігі көрсетілмейді.

Ыстық су есептегішінің көрсеткіштерін қалай жіберуге болады

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін мәліметтерді қашықтан жіберудің бірнеше тәсілі қарастырылған:

"Ыстық суды жеке есепке алу құралдарының көрсеткіштерін уақтылы жіберуге шақырамыз. Көрсеткіштерді дұрыс әрі уақытында беру – нақты тұтынылған ыстық судың ақысын дұрыс есептеудің маңызды шарты", – деп атап өтті компания.

Бұған дейін елорда тұрғындарына жылу ақысының неліктен өскені түсіндірілген еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды