Супермаркетте 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздаған зейнеткерді қала тұрғыны құтқарып қалды

Сурет: Қостанай облысы полиция департаменті
Қостанайда алаяқтықтың алдын алу мүмкін болды. Оқиға супермаркеттегі банкоматтың жанында болған. Егде жастағы әйел шотына 500 мың теңге салмақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жақын маңда болған супермаркетке келушілердің бірі зейнеткердің алаяқтардың ықпалына түсуі мүмкін екенін байқап, араша түскен.

Ол әйелге ықтимал қауіп-қатерді түсіндіріп, алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері туралы айтып берген. Сондай-ақ ақшаны аудармауға көндірген. Осыдан кейін оқиғаға қатысушылар болған жағдай туралы 102 нөміріне хабарлаған.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары жетті. Олар мән-жайды анықтау үшін зейнеткерді Қостанай қалалық полиция басқармасына жеткізді.

Қала тұрғынының қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекетінің арқасында 500 мың теңгенің алаяқтардың қолына түсуіне жол берілмеді.

Полиция алаяқтар адамдарға психологиялық қысым көрсетіп, жинаған ақшасын белгісіз шоттарға аударуға көндіретінін ескертеді. Бейтаныс адамдардың нұсқауымен қаржылық операциялар жасамау керек. Күдікті жағдайға тап болсаңыз, 102 нөміріне хабарласқан жөн.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді және пайдаланушылар нені білуі керек

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды