"Азаматтарға арналған үкімет" зейнетақы мен жәрдемақының уақтылы төленуі туралы есеп бермек

Фото: pixabay
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы статистикалық есептерді ұсыну қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұйрық жобасында қағидаларды жаңа есеп нысанымен толықтыру ұсынылған. Мемлекеттік корпорация осы нысан бойынша зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, жерлеуге берілетін жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдер туралы есеп береді. Есепте зейнетақы мен жәрдемақы бойынша артық төленген сомалар да көрсетіледі.

Жобаға сәйкес, жаңартылған есеп нысаны 2026 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Қоғамдық талқылау 3 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Студенттің қазасынан кейін ҚазҰУ-де кешенді тексеру жүргізіледі

Әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді және пайдаланушылар нені білуі керек

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

"Balapan"-ның күзгі базарлығы

18 қарашада қыс қаһарына мінеді: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды