Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Қазақстанның 18 университеті QS World University Rankings тізіміне енді. Ал 2027 жылғы Times Higher Education рейтингіне еліміздің 10 жоғары оқу орны кірді.
"2026 жылғы Жаһандық инновация индексінде Қазақстан аймақ елдері арасында ең жоғары көрсеткішпен көш бастап, орнықты өсім көрсетіп келеді. Алайда жаһандық бәсекелестік қызған кезеңде бізге арқаны кеңге салуға болмайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстанның жаһандық білім нарығындағы орнына да тоқталды.
"Біздің стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру, жаһандық білім нарығының, әсіресе, өзекті әрі сапалы білім нарығының бір бөлігі болу. Ғылым мен білімде жаттандылыққа, формализмге жол беруге, сайып келгенде, өзіңді алдауға болмайды", – деді Мемлекет басшысы.