ҰҚК шекара қызметі құны 510 млн теңгеден асатын темекі мен вейп контрабандасының жолын кесті

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында шекарашылар 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. Ал Жамбыл облысында шекарадан 13 960 вейп табылды. Бұл туралы 2026 жылғы 19 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда вейп сатуға тыйым салатын заң нормалары 2024 жылғы 20 маусымда күшіне енген.

"2026 жылғы қарашада Ақтөбе облысындағы "Әлімбет" автомобиль өткізу пунктінде шекарашылар 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті. Сонымен қатар Жамбыл облысында шекарадан 13 960 вейп табылды", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Алдын ала бағалау бойынша, тәркіленген тауарлардың жалпы құны 510 млн теңгеден асады. Комитеттің мәліметінше, екі дерек бойынша да материалдар процестік шешім қабылдау үшін тергеулігіне қарай тиісті органдарға жолданды.

2026 жылғы 13 тамызда Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Қазақстанда электрондық тұтыну жүйелерінің айналымына тыйым салынғанына қарамастан, кейбір адамдар оларды елге заңсыз әкеліп, сатудан миллиондаған теңге көлемінде қылмыстық кіріс тауып отырғанын хабарлаған еді. Агенттік осы заңсыз бизнестің ауқымы туралы да мәлімет берген.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

Евро-2028 іріктеу ойындарының жеребесінде Қазақстан төртінші себетке "түсті"

Қазақстандықтар 2026 жылғы желтоқсанда неше күн демалады