Жалпыұлттық ауқымдағы нағыз елдік басқосу – президент Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумына қатысты

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында диқандар мен шаруаларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысының айтуынша, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, биыл ел бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Форумға еліміздің әр өңірінен диқандар, шаруалар мен ауыл шаруашылығы мамандары қатысты. Президент жыл сайын өтетін бұл жиында елдің аграрлық ахуалы талқыланатынын атап өтті.

"Сондықтан бұл форумды жалпыұлттық ауқымдағы нағыз елдік басқосу десек те қате болмас", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы форумда сөз сөйлеген азаматтар мен инвесторларға алғыс айтып, Үкімет пен жауапты министрлікке олардың ұсыныстарын ескеруді тапсырды.

"Су ресурстарын үнемдеу, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану, ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту және басқа да өзекті мәселелерге қатысты мазмұнды пікірлер, ұтымды ұсыныстар айтылды. Үкімет және құзырлы министрлік осы мәселенің бәрін міндетті түрде назарға алуы керек", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығының ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар екенін айтып, биылғы жиын-терімнің қорытындысына тоқталды.

"Сіздер ата кәсіпті абыроймен атқарып, ұлтымыздың игілігін еселеп жүрсіздер. Ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, биыл да ел қамбасы астыққа толды. Күзгі жиын-терінде еліміз бойынша 24,5 миллион тонна дақыл жиналды", – деді Мемлекет басшысы.

Президент мол өнімнің әр шаңырақтың берекесіне үлес қосатынын атап өтті.


"Егіннің бітік болуы – молшылық пен тоқшылықтың кепілі. Бұл – еліміздегі әр шаңырақ ырысқа кенеліп, дастарханымыз берекелі болады деген сөз. Мен бүгін диқандар қауымына және осы салада еңбек етіп жүрген барша азаматқа алғыс айтамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Путин, Си Цзиньпин және Трамп бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады