Құт қонған Қазақ даласы енді ауқымды құрылыс аумағына айналады – Тоқаев

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында "Халықтық құрылыс" жобасы елдің барлық өңірі мен экономика салаларын қамтитынын айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылып, азаматтардың табысы артады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай ауқымды құрылыстың ел тарихында бұрын-соңды болмағанын атап өтті. Президенттің айтуынша, жоба елдің келбеті мен экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгертеді.

""Халықтық құрылыс" халқымыздың қолдауына ие болатын, ұлт дамуына кең жол ашатын жоба болмақ. Жалпыұлттық жобаға өндіріс орындары да, отандық кәсіпкерлер де белсене атсалысады. Жаңа жұмыс орындары пайда болады, азаматтардың табысы артып, тұрмыс сапасы жақсарады", – деді Мемлекет басшысы.

Президент жобаның игілігін әрбір қазақстандық, әсіресе өскелең ұрпақ көретінін айтты.


"Сондықтан біз „Құрылыс және тағы да құрылыс" сөзін отаншылдық ұраны етіп, біртұтас қоғамымыздың мүддесі үшін Әділетті Қазақстанның әр кірпішін бірге қалаймыз. Мен бұған кәміл сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Путин, Си Цзиньпин және Трамп бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады