Президенттің айтуынша, "Халықтық құрылыс" жобасы халықтың игілігін көздеп, азаматтарды жасампаз іске жұмылдырады.
"Бұл – шын мәнінде келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет. Құбылмалы әрі тұрақсыз әлемнің күрделі сын-қатерлеріне біздің лайықты жауабымыз – "Құрылыс және тағы да құрылыс!"", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы геосаяси және экономикалық ахуал бұлыңғыр кезеңде құрылыс жұмыстарын жүргізу елдің және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең дұрыс жолы екеніне сенімді екенін жеткізді.
Сондай-ақ ол бағдарлама аясында ауыл-аймақтарға, шаруалар мен агроөнеркәсіп кешендеріне қажетті инфрақұрылым салынатынын атап өтті.