Президент: Ауыл шаруашылығы – ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы айрықша сала

Зерно, пшеница, посев, сельское хозяйство, сельхозтехника, комбайнеры, сельскохозяйственная техника, сбор зерна, зерно, урожай, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 15:14 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында агросақтандыру жүйесін жетілдіру қажет екенін айтты. Ол Үкіметке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, осы нарықты дамыту жөнінде нақты ұсыныстар беруді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы қуаңшылық, үсік немесе мал ауруы шаруалардың жылдар бойғы еңбегін зая кетіруі мүмкін екенін ескертті.

"Жергілікті климат жағдайына сеніп, жайбарақат отыруға болмайды. Бұл әуел бастан тиімсіз стратегия. Шығынды үнемі бюджеттен өтеу де проблеманы шешпейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент шаруаларды осындай тәуекелдерден алдын ала сақтандыруға ынталандыру мәселесіне де тоқталды.


"Сонымен қатар шаруаларды тәуекелдерден алдын ала ерікті түрде сақтануға ынталандыратын шаралар қарастыру қажет", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: