Ветеринария саласын жаңғыртуға айрықша мән беру қажет – Тоқаев
Фото: primeminister.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында Қазақстанның аусылдан таза аймақ деп танылуы отандық ет пен өзге де мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға жаңа мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы бұл мәртебенің сыртқы сауда үшін маңызын атап өтті.
"Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұйғарымына сәйкес, Қазақстан ящур ауруынан таза аймақ ретінде танылды. Бұл – ет және басқа да мал шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығару үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деген сөз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ветеринария саласын жаңғыртуда екі міндетке назар аударды. Оның бірі – мал басын есепке алу жүйесін жетілдіру, екіншісі – зертханалық диагностиканың сапасын арттыру. Мемлекет басшысы Үкіметке мал шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюды тапсырды.
"Соны тиімді пайдалану керек. Мал басын есепке алу жүйесін жетілдіріп, зертханалық диагностиканың сапасын арттыру қажет. Үкімет өнімдерді экспортқа шығаруға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға тиіс", – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript