Мемлекет басшысы қуаңшылық, үсік немесе мал ауруы шаруалардың жылдар бойғы еңбегін зая кетіруі мүмкін екенін ескертті.
"Жергілікті климат жағдайына сеніп, жайбарақат отыруға болмайды. Бұл әуел бастан тиімсіз стратегия. Шығынды үнемі бюджеттен өтеу де проблеманы шешпейді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент шаруаларды осындай тәуекелдерден алдын ала сақтандыруға ынталандыру мәселесіне де тоқталды.
"Сонымен қатар шаруаларды тәуекелдерден алдын ала ерікті түрде сақтануға ынталандыратын шаралар қарастыру қажет", – деді Мемлекет басшысы.