Ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, биыл да ел қамбасы астыққа толды – Мемлекет асшысы

Фото: primeminister.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында Қазақстан ауыл шаруашылығын дамыту және су ресурстарын басқару кезінде климаттық тәуекелдерді ескеруі керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, қуаңшылық, өрт пен су тасқыны әлемде азық-түлік жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін. Президент климат мәселелері геосаясатпен және экономикамен тығыз байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, келесі жылға және одан кейінгі кезеңге жасалған болжамдарда қуаңшылық қаупі жиі айтылады. Тоқаев бұл мәселеге ауыл шаруашылығына жасанды интеллектіні енгізу туралы сөз қозғағанда да тоқталғанын еске салды.

"Кейбір сарапшылардың пікірінше, 2027 жыл өте ыстық болуы мүмкін. Ауа райындағы ауытқулар қуаңшылыққа, өртке, су тасқынына душар етуі, соның салдарынан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі қиындыққа тап болып, әлемдік жеткізу тізбегі бұзылуы ықтимал", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда осы қатерлерді ескеру жұмысы енді басталғанын айтты.

"Ауыл шаруашылығын дамыту және су ресурстарын басқару ісінде біз осындай қауіп-қатерлердің бәрін ескеруіміз керек. Біз бұл мәселені енді қолға алып жатырмыз. Бірақ жүрісіміз баяу. Өйткені еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең маңызды міндет", – деді Президент.

Тоқаев Астанада Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында азық-түлік қауіпсіздігімен айналысатын халықаралық ұйымның штаб-пәтері орналасқанын еске салды. Президенттің пікірінше, салалық министрлік осы ұйыммен бірлесіп, әлемдегі күрделі ахуалды ескере отырып, Қазақстан мен оның серіктестеріне арналған ұсынымдар әзірлей алады.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Путин, Си Цзиньпин және Трамп бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады