Үкімет міндетті түрде назарға алуы керек - Президент Ауыл шаруашылғы саласындағы мәселелерге назар аударды

Село, сельская местность, деревня, поселок, аул, сельское хозяйство, фермерское хозяйство, ферма, коровы, скот, скотоводство, крупный рогатый скот, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 15:33 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктерді ауыл шаруашылығын кредиттеуге белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне фермерлерді қаржыландыру мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, шаруаларға кредит қолайлы шарттармен және ұзақ мерзімге берілуі қажет. Бұл ретте қарызды өтеу кестесінде нақты өндіріс циклі ескерілуге тиіс. Сонымен қатар инвестициялық кезеңде негізгі берешекті төлеуді кейінге шегеру мүмкіндігі қарастырылуы керек.

Мемлекет басшысы фермерлердің өнім жинағаннан кейін алғашқы кредит төлемін өтеу үшін егінін арзан бағаға сатуға мәжбүр болатынын атап өтті.

"Бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен министрлік осы мәселені шешуге кірісуі керек. Әрине, мұны тілек қана емес, тапсырма деп түсініңіздер", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент қаржы көздеріне қолжетімділікте азаматтар арасында үлкен айырмашылық болмауы керегін айтты. Оның сөзінше, шаруалар мемлекет ауыл шаруашылығына қомақты қаржы бөліп жатқанын түсінуге тиіс.

"Мұнда масылдыққа орын жоқ. Яғни бөлінген қаражат мақсатқа сай тиімді жұмсалуы керек", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: