Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Мәслихаттардың жергілікті экономикалық саясатқа ықпалын арттыру мәселесіне айрықша назар аудару керек

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумында сөзін қалай бастағанын мына жерден біле аласыз., сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2024 11:49 Сурет: akorda.kz
2024 жылғы 3 қазанда барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының екінші республикалық форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттардың жергілікті экономикалық саясатқа ықпалын арттыру мәселесіне тоқталды , деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, қазір жаңа Бюджет және Салық кодекстері әзірленіп жатыр. Онда жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты реформаның ерекшеліктері ескерілуге тиіс.

"Үкімет ауыл әкімдерінің бюджетін қалыптастыру және оны жұмсау тәсілдерін қайта қарауы керек. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қаржылық дербестігін арттыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет. Кодекс жобаларын талқылауға мәслихаттар белсене қатысқаны жөн. Жергілікті бюджет қаржысының дұрыс әрі тиімді бөлінуі өте маңызды. Депутаттар бұл мәселеге зор жауапкершілікпен қарауға тиіс. Мәслихаттар бюджет саясатын, түрлі төлемдердің шекті мөлшерін, елді мекендерді абаттандыру жайын, басқа да мәселелерді ұдайы бақылауда ұстауы қажет." Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазір республикалық бюджеттің кіріс бөлігі толық орындалмай жатыр. Мен Жолдауда Үкімет пен Ұлттық банкке осыған қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырдым. Себебі, бұл – жалпыұлттық міндет. Оған барлық деңгейдегі билік тармақтары күш жұмылдыруға тиіс, - деп атап өтті мемлекет басшысы. 

"Біз "Қуатты аймақтар – қуатты ел" қағидатына сай жұмыс істеуіміз керек. Сіздер мұның маңызы зор екенін жақсы білесіздер. Сондықтан әр депутат өз ауданын өркендетуге атсалысады деп сенемін". Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумында сөзін қалай бастағанын мына жерден біле аласыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: