Халықтың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын адамның ниеті, ойы, қолы таза болуы керек – Президент

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыру кезінде заң талаптары қатаң сақталуға тиіс екенін айтты. Бұл мәселемен айналысатын арнайы комиссия жұмысын бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ешкім де заңнан биік емес екенін еске салып, жоғары лауазым иелерінің жауапкершілігіне тоқталды.

"Кім қылмыс жасайды, сол міндетті түрде жазасын алады. Кім өз жұмысына салғырт қарайды, сол орнынан босатылады. Жоғары лауазым – ең алдымен, жоғары жауапкершілік деген сөз. Халықтың тағдырына әсер ететін шешімдерді қабылдайтын адамның ниеті, ойы, қолы таза болуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент азаматтардың елге сіңірген еңбегі бағаланатынын, алайда бұрынғы жетістіктері ешкімге бүгінгі міндетіне немқұрайды қарауға құқық бермейтінін айтты.

"Мен үшін адамның шыққан тегі, лауазымы емес, нағыз іскер болғаны маңызды. Жалпы, іскерлік – мемлекеттік билік жүйесіне ғана емес, барлық салаға қажет дағды", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ердің атын еңбек шығарады" деген нақылды еске салып, ерлік жасаудың мәні елдік мұратқа қызмет етуде екенін айтты. Ол ұлт мүддесіне адал қызмет еткен азаматтарға құрмет көрсету Әділетті Қазақстанның мызғымас қағидаты екенін атап өтті.

"Қазір осы жерде жұртқа жанашыр, нағыз адал азаматтар отыр. Мемлекет сіздерді әрдайым қолдайды, еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға тағы да алғыс айтамын", – деді Мемлекет басшысы форумға қатысушыларға.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан алғаш рет БҰҰ рейтингінің үздік 20 елі қатарына және ең жоғары рейтингілік топқа енді

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

Қазақстанда атом нысандарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бекітілді

Путин, Си Цзиньпин және Трамп бейбітшілік туралы декларацияға қол қойды

Мемлекет басшысы Парламентаралық одақтың президенті Милтон Дикті қабылдады