Синоптиктердің болжамына сәйкес, жексенбі күні Павлодар, Астана, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Балқаш, Талдықорған, Өскемен және Атырау қалаларында атмосферада зиянды заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.