ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, сирек кездесетін итбалықтармен бұл кездесу өңірдің табиғи байлығын сақтап, жойылып кету қаупі бар түрлерді қорғаудың маңызын тағы бір еске салды.
Каспий итбалығы – Каспий теңізін мекендейтін жалғыз теңіз сүтқоректісі. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және қорғауды қажет етеді.
Бұған дейін "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының қызметкері Каспий итбалығымен кездескен сәтін видеоға түсіріп алғаны хабарланған еді.