2026 жылғы 22 қарашада елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейткенін хабарлады.
"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Toyota маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде екені анықталды", – делінген Астана ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Осы дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.
"Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды", – деп хабарлады полиция.
Осыған байланысты полиция мас күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін еске салды.
Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада қатаң жауапкершілік қарастырылған.