Астанада да күн жылы болады, бірақ оңтүстіктегідей жылылық күтілмейді. Елордада ауа температурасы +7°C-қа дейін көтеріледі.
Астана
24 қараша. Күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан және батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде −1…+1°C, күндіз +2…+4°C болады.
25 қараша. Күн ала бұлтты, түнде аздап қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде −2…0°C, күндіз +3…+5°C болады.
26 қараша. Күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде −2…0°C, күндіз +5…+7°C болады.
Алматы
24 қараша. Күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C болады.
25 қараша. Күн ала бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C болады.
26 қараша. Күн ала бұлтты, түстен кейін жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C болады.
Шымкент
24 қараша. Күн ала бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +12…+14°C болады.
25 қараша. Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C болады.
26 қараша. Күн ала бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +23…+25°C болады.
Осы күндерге арналған ел аумағы бойынша ауа райы болжамымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.