Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттерінің бірі көлік қозғалысына жабылады

Фото: gov.kg
2026 жылғы 25 қарашадан бастап Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттерінің бірі көлік қозғалысына уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстанның бұқаралық ақпарат құралдары 23 қарашада елдің Мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, 25 қараша күні сағат 01:00-ден бастап Шу облысындағы "Чалдыбар" өткізу пунктінен көліктің ешбір түрі өткізілмейді.

23 қарашадан бастап Қазақстаннан Қырғызстанға жүк көліктерінің кіруіне шектеу қойылды. Ал 25 қарашадан бастап жеңіл және жүк көліктері мен автобустардың өтуі толық тоқтатылады. Шекарадан жаяу өтуге болады.

Бұл шектеулер Жамбыл облысының Меркі ауданындағы "Сыпатай батыр" шекара өткізу пунктінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына байланысты енгізілді. Қазақстан жағындағы бұл пункт "Чалдыбарға" қарама-қарсы орналасқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, осы өткізу пункттері арқылы көлік қозғалысы 2027 жылдың соңына қарай қайта ашылады.

"Чалдыбар" жабық тұрған кезде жүргізушілер Шу облысындағы мына өткізу пункттерін пайдалана алады:

Бұған дейін, 2026 жылғы 4 қарашада, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі "Жібек жолы" өткізу пунктінің пайдалануға техникалық тұрғыдан дайын екенін хабарлаған еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады