Министрдің мәліметінше, Қазақстанда 6 060 ауыл бар. "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында 2026 жылдың соңына қарай талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылған ауылдар саны 3 704-ке жетеді. Бұл – елдегі барлық ауылдың 61%-ы.
"Келесі жылы тағы 1 863 ауылға дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде ауылдардың 92%-ы осы желімен қамтылады. Қалған 8%-ы – қатынауы қиын ауылдар. Оларға спутниктік интернет қосылады. Жобаның іске асырылуы ерекше бақылауда. Сондықтан "Қазақтелеком" жұмыс қарқынын арттырып, жоспарланған шаралардың барлығын белгіленген мерзімде аяқтауы қажет", – деді Жаслан Мәдиев.
Бұған дейін Жаслан Мәдиев үш жылда телекоммуникация саласына салынатын инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асатынын хабарлаған еді.