Бұл туралы "Самұрық-Қазына" АҚ өзінің ресми Telegram-арнасында хабарлады.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды".
Ерсайын Нағаспаев Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген.
2025 жылғы ақпаннан бері ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды. 2021–2025 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында басқарушы директор болып жұмыс істеген.
Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінде еңбек еткен. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде және "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басшылық қызметтер атқарған.
Сондай-ақ Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы болған.
Осыдан сәл бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.