ҰҚК есірткіге қарсы операцияларда 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 45 адам ұсталғанын хабарлады

2026 жылғы 24 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүргізілген операциялардың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 12:43 Сурет: gov.kz
2026 жылғы 24 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) есірткінің заңсыз айналымына қарсы жүргізілген операциялардың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің мәліметінше, биыл тамыз бен қазан аралығында есірткі тасымалының 8 халықаралық және 11 өңірлік арнасының жолы кесілді. Сондай-ақ бес жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды.

"Шет мемлекеттердің құзырлы органдарымен бірлесіп, есірткіге қарсы сегіз халықаралық операция жүргізілді", – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Операциялар барысында 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 11,1 кг апиын, 525 кг синтетикалық опиоид, 14,2 кг гашиш, 404,6 кг марихуана, 320,6 кг қарасора түбі және 18,4 кг синтетикалық есірткі бар. Бұдан бөлек, 2,6 тонна прекурсор мен құрамында күшті әсер ететін заттар бар 2 650 таблетка тәркіленді.

Осы құқық бұзушылықтарға қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 40 азаматы мен 5 шетелдік ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі (ІІМ) жұрт назарын аударған ұстау оқиғалары мен табылған қауіпті заттар туралы хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: